Трансвеститтер клубына барған мұғалімдер барлық шындықты айтып, жылап қалды 

368

0

Фото: ашық дереккөз

Трансвеститтер клубында демалғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғалім негізі істің қалай болғанын «КТК» арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл видео үшін ұяламын. Мұғалім ретінде бұл этикаға жатпайды. Бірақ бұл видео арнайылап таратылды. Таратқан адам өзіммен бірге жұмыс істейтін менің құрбым болып жүрген адам «осы видеоны таратыңдар, қаралымды көбейтіңдер» деген, – деп көзіне жас алды.

Сондай-ақ Ақерке Жұмабаева аталмыш клубқа қалай тап болғанын айтып берді. Айтуынша, ұсынған астан бас тарта алмаған.

Бұны көріп отырған ата-ана кімнің жасағанын білмеймін. Біз тіпті Амилай дегенге тіркелмегенбіз. Біз оның сторисін көрмейміз. Әуежайда отырған кезде директор орынбасары түске жақын сілтемесін жіберді. Біз сол кезде ғана көрдік. Директорға видео таңертең түскен екен. Клубқа кірдік, Амилай деген кісі бізге қарай келіп қазақ екенімізді көріп, «3 ай болды осында жүргеніме» деп тамақ алып берді. Бас тарту ыңғайсыз болар деп ойладық, – деді.

Еске салсақ, Қызылордалық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан шығып қалғаны айтылды. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға түсініктеме беріп, олардың өз еркімен шыққанын мәлімдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<