Сырдария аудан әкімдігінің ресми парақшасы арқылы алдын ала хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментің бастамасымен өткен жеке қабылдау «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал ғимаратында өтті.
Қабылдау барысында Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Райкүл Байназарова білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ой бөлісіп, алдағы міндеттер ауқымды екенін айтты.
Жеке қабылдауға келген білім саласы қызметкерлерінің ой-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева және БАҚ өкілдері қатысты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<