Тұрғындармен кездесті

313

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Тұтынушылар құқығын қорғау» әлеуметтік жобасы қызметін жүзеге асыру аясында “Fulcrum Foundation” азаматтық бастамаларды қолдау қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында тұрғындармен кездесу өтті.

Кездесу барысын жоба жетекшісі кіріспе сөзбен ашып, тұтынушылар білуге тиіс ақпараттармен бөлісіп, жадынамалар таратты. Аталған кездесуге жоба ұйымдастырушылары тарапынан «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары Жағыппарова Тұрсын Бәткенқызы шақырылды. Тұрсын Бәткенқызы баяндама жасап, аудан тұрғындары түрлі тақырыптағы, күнделікті тұрмыстағы көкейтесті сұрақтарын қойып кездесу барысында белсенділік танытты.

Қатысушыларға тұтынушылардың құқығы бұзылған немесе қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда хабарласуға болатын жедел желілер, әлеуметтеттік парақша таныстырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<