Түсіністік пен сенім арқауы

319

0

Заманауи қоғамдық кеңістікте адамдар арасында диологтық байланыс, өзара түсінушілік пен сенім орнауы тиіс. Қоғамдық диалог – мемлекет пен қоғам арасында маңызды әлеуметтік қажеттілік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында эконо­ми­ка­лық заңдылық, ха­лық­ты әлеу­меттік қамсыз­дан­дырудың бірқатар, яғни кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын же­тілдіру, көп­ба­лалы отба­сы­лардың жағ­дайын жақ­сарту, бағаны тұрақ­тан­дыру, үкіметтік емес ұйым­дардың жұмысын же­тіл­діру мәселелері кө­терілді.

Бұл Жолдаудың басқа Жолдаулардан негізгі ерек­шелігі – мемлекеттің эконо­микаға көзқарасының түбе­гейлі өзгеруі. Оның ішінде мемлекеттік сектордың бәсе­келестік нарыққа көңіл бөлуі, мемлекеттік компаниялардың санын азайту туралы берген тапсырмалары – инклюзивті экономикаға апаратын жол. Бұл қадамдар мемлекетте бәсекелестік нарығын дамытып қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына зор үлес қосарына, болашақта ел экономикасын жаңа белестерге жет­кізеріне зор сенім бар. Осы орайда шағын және орта бизнеске жасалған жеңіл­діктер мемлекет дамуына әсер етеді деп ойлаймын.

Келесі мәселе – қарқынды дамыған және инклюзивті экономика. Пре­зидент халық­қа Жолдауында ел эко­номикасының ди­версификациясы мәсе­­ле­сі жайлы айтып, ши­кізатқа ба­йланған менталитеттен бас тар­ту қажеттігін ес­керт­ті.

Сондай-ақ, Мемле­кет басшысы «Білім эко­­­но­микасы», еңбек өнім­­­ділігін арттыру, ин­­но­­вацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһан­дық дамудың негізгі факторлары­на айнала­тындығын да айт­ты. Экономиканы әр­та­­рап­тандыру, квази­мем­ле­­кеттік сек­тордан түсетін кі­ріс­тер­дің артуы, тиімді шағын және орта бизнес құру, ха­лық­аралық нарықтағы ұлт­тық бизнесті қолдау, дамы­ған агроөнеркәсіптік кешен, әділ салық салу және дұрыс қар­жылық реттеу, Ұлт­тық қорды тиімді пайдалану, еңбекақы төлеу дең­гейін арттыру мәселелерін көтерді.

Менің ойымша, Жолдау Қа­зақстан қоғамының бү­гін­гі таңда туындап отырған не­гізгі сауалдарына жауап бер­ді.

Ондағы іргелі бес бағыт­тан туындаған міндет­терді жүзе­ге асыру барша­мыздың аза­маттық жауап­кер­ші­лігі­мізді талап етеді.

Ә.ЕСҚАРАЕВ,

облыс бойынша қазынашылық департамент

басшысының орынбасары,

 Әдеп жөніндегі уәкіл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<