Тұтынушылар электрмен тұрақты жабдықталған

326

0

Қызылорда облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жүйелік оператор бекіткен және электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарында көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағаттық шамасын регламенттейтін электр энергиясын өндіру-тұтыну кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтау кезінде «Қызылорда ЭТТК» АҚ желісіне қосылған электр энергиясының бөлшек сауда нарығының барлық субъектілерінің, сондай-ақ «Қызылорда ЭТТК» АҚ желілері мен ұлттық электр желісі арасындағы электр энергиясының сальдо-ағындарының жүйелік операторымен электр энергиясын тұтыну бойынша келісілген электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестелерін сақтау қамтамасыз етіледі.

Жедел ақпаратқа сәйкес 2020 жылғы 15 қаңтардағы ЭЖҰ (энергиямен жабдықтаушы ұйымдар) және ӨЭК (өңірлік электр желісі компаниясы) бөлінісінде электр энергиясын тұтыну өткен тәулікте 2567975 кВт*сағатты құрады, мәлімделген электр энергиясы 2512101 кВт*сағат болғанда, еріксіз 55874 кВт*сағатты құрады. Тұтынушылардың шектеулері болған жоқ.

«ҚЭТТК» АҚ желілері мен ұлттық электр желісі арасындағы сыртқы энергия көздерінен мәлімделген электр энергиясына сәйкес сальдо-ағын 2110560 кВт*сағатты құрайды, факті бойынша ағын 2256946 кВт*сағатты құрады, жүйелік оператормен келісілген «ҚЭТТК» АҚ желілері мен ұлттық электр желісі арасындағы электр энергиясының сальдо-ағындарын сақтаудың артуы 146386 кВт*сағатты құрады.

  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті электр станциялары белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істеуде – деп хабарлайды.

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

облыс бойынша аумақтық департаменті» ММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<