“Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдері”

402

0

“Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдері” Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен және “Fulcrum Foundation” азаматтық бастамаларды қолдау қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Тұтынушылардың құқығын қорғау” жобасы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында “Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдері” атты республикалық конференция өтті.
Конференцияға арнайы Нұр-Cұлтан қаласы “Әділет” тұтынушылардың құқықтарын қорғау” қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары Жағыпарова Тұрсын Бәткенқызы шақырылды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті “Құқықтану” кафедрасының доценті Жүсіпбекова Мадина Қойшыбайқызы ашып жүргізіп отырды. Конференцияның алғашқы баяндамасы Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлына берілді.
Келесі кезек “Әділет” тұтынушылардың құқықтарын қорғау” қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары Жағыпарова Тұрсын Бәткенқызы баяндама жасады. Залдағы қатысушылар белсенді атсалысып, түрлі тақырыптағы сұрақтар қойып, әрбір сауал қоюшы толық жауап алды. Хабарлама жасау үшін келесі сөз кезегі Қызылорда қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы Жаңабергенова Динара Олжабайқызына берілді. Жасалған баяндамалар бойынша пікір, ұсыныс білдірушілер болды және оларға сөз берілді.
Конференцияға қатысушыларға және баяндамашыларға алғыс білдіре отырып конференцияны жабық деп жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<