Құрметті аналар!
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! 8 наурыз – өмірде болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістерге ұшырамаған ерекше мереке.
Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алған дейді халық даналығы. Бұл дүниедегі бар жақсылық әйелдерден бастау алады. Бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербететін әйел-аналар, қыз-келіншектер бүкіл еліміздегі сияқты, біздің өңірімізде де ер азаматтармен бірге қоғамның игілігін еселей түсуде ұлан-ғайыр істер атқаруда. Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.
Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі – ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.
Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, Қазақстанымыз көркейе берсін!
Құрметпен
Т.ӘБДИЕВ,
облыстық жеке сот орындаушылары
өңірлік палата басшысының орынбасары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<