Туған жер – тұғырым!

432

0

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған киелі өлкемді мақтан тұтамын. Өзгелер байқаған әр кемшілігі мен үшін артықшылық болып көрінеді.

«Аманат», «серт» деген ұғымдардың бағасы жоғары. Бұл сөзде үлкен мән бар. Себебі, туған жер, ана тілі, бітім-болмыс – ата-бабадан бізге жеткен аманат. Оның қадіріне жету, келешегін кемел ету – бүгінгі буынның парызы. Аманатқа қиянат жасамай, жаманын жасырып, жақсылығын асырып, елдік пен еркіндіктің туын желбірету – біздің азаматтық борышымыз.

Атамекенін қадір тұту ұлт­қа, нәсілге, діни көзқарасқа бөлінбейді. Оған деген махаб­бат – адамзатты ортақ ойға, құндылыққа жетелейтін ерекше сезім. Сондықтан, туған жер – әрбір адам баласын өткен мен болашағын байланыс­тырар киелі мекен.

Мен де туған жерім, құтты қонысым, қасиетті Сыр елінің орталығы – Қызылорда қаласының өсіп-өркендеуіне, жайнап-гүлденуіне өз үлесімді қосуға ықыластымын. Туған қаламыздың жау­һар шаһарға айналғанының куәсі болу – бас­ты арманым.

 

Жанболат ӨМІРЗАҚ,

ҚМУ-дың студенті.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<