Түйе өсіріп, тірлігін түзеген

567

0

Сурет Өңірлік коммуникациялар қызметі

Төрт түлік малдың төресі – түйе. Қазақ ата кәсіпті қай уақытта болса да естен шығармаған. Ойсылқара түлігін өсіріп, тірлігін түзегендерге де мемлекеттен қолдау жетерлік.

Қызылорда қаласының тұрғындарын сапалы қымыранмен қамтып, әкеден қалған кәсіпті жалғаған Бауыржан Жәдігерұлы да мемлекеттен субсидия алып, кәсібіне қолдау тапты. Ол 2009 жылдан бері әкесінің жанына келіп шаруашылық саласына бет бұрды.

Алғашқы жылдары кәсібін 10-12 түйеден бастаған. Төрт түлік малдың ортасында өскен Бауыржан үшін бұл сала аса қиындық тудырмады. Қазіргі таңда 7 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Түйеден бөлек, жылқы мен сиырды да үйір-үйір қылып, жайылымда бағып отырғанын қоса кетті. Алдағы уақытта техникалық құралдармен жабдықтауды жоспарлауда.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<