Түрікмен елінің құрметі

515

0

Сыр елінің әдебиеттанушылары тағы бір мәртебелі марапатқа ие болды.  Мақтымқұлы Пырағының шығармашылығын зерттеуге атсалысқан әлемнің бірқатар мемлекетіндегі түркітанушы ғалымдарға Түрікменстан Президентінің жарлығымен ұлы ақынның туғанына 300 жыл толуына арналған мерекелік алтын медаль берілді. Олардың арасында қазақстандық екі филолог-ғалым бар. Екеуі де – Сыр топырағының перзенттері. Жерлестеріміз – ҚР ҰҒА академиктері Амантай Шәріп пен Бауыржан Омаров қазақ-түрікмен әдеби байланыстарын саралап, Мақтымқұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сериялы мақалалар жазғаны үшін марапатталды. Амантай Шәріпке мерекелік медаль Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына орай Ашхабатта өткен салтанатты жиында тапсырылды. Бауыржан Омаровқа Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі Батыр Реджепов елшілік ғимаратында табыс етті.

Ғалым жерлестерімізді кезекті жетістігімен құттықтаймыз!

«Сыр бойы» газетінің ұжымы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<