Түріктің бесінші буынға жататын «КААN» жойғыш ұшағы алғаш рет әуеге көтерілді

335

0

Фото: Видеодан кадр

Түркияда шығарылған бесінші буын «КААN» жойғыш ұшағы алғашқы ұшуын сәтті аяқтады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жойғыш ұшақ Анкара маңындағы Мюртед әуе базасынан алғаш рет әуеге көтеріліп, қысқа уақытқа созылған сынақтан кейін аэродромға оралды. «КAAN» ұшағы арқылы Түркия бесінші буын ұшақтарын шығаратын бес елдің тізіміне кіреді.

Жаңа буын қарулары интеграциясының арқасында «KAAN» дыбыстан жүйрік жылдамдықпен дәл соққылар жасай алады. Жасанды интеллект жүйелері мен нейрондық желілерді қолдау ұшақты қосымша қуатпен қамтамасыз етеді.

«KAAN» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Түркияда найзағайдың әсерінен борттық жабдықты сынауға, сондай-ақ радиолокациялық бақылау аймағында ұшақтың көрінуін сынауға арналған әлемдегі санаулы ірі ұшу сынақ орталықтарының бірі құрылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<