Түркияда 155 сағат үйінді астында жатқан бала құтқарылды

438

0

Фото ашық дереккөз

Газиантептегі Нурдағы ауданында жер сілкінісі болған соң 155 сағат өткеннен кейін 8 жасар бала үйінді астынан аман құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

8 жасар ұл тұрғын үй үйіндісі астынан шығарылған. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті.

Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 19 адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды.

Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзаладан көз жұмған саны 30 мыңға жуықтады.

Түркияда 155 сағат үйінді астында жатқан бала құтқарылды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<