Түркияда қазақ анимациялық фильмінің тұсауы кесілді

1012

0

Анкарада «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» атты мультфильмінің тұсаукесері өтті.

Аталаған анимациялық қазақ мультфильмінің тұсаукесерін Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен ТР Түркі тарихы және мәдениеті қоры (TÜRKTAV) бірігіп ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми дерекке сүйенсек, тұсаукесерге аталған мультфильмнің режиссері, аниматор Маржан Жұбанышева мен суретші және мультфильмді қоюшы сценарист Үміт Жұбанышева арнайы келген.

Түркияда бірінші рет көрсетілген қазақ режиссерінің мультфильмі көрермендердің көңілінен шықты.

Айта кетейік, бұл туынды Токиода өткен халықаралық фестивальде «Үздік анимация» номинациясы бойынша алтын медаль жеңіп алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<