Түркиядағы таныстырылым

880

0

Анкара қаласында белгілі жазушы, драматург Жолтай Жұмат Әлмашұлының «Махаббат және өшпенділік» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Мазмұнды іс-шараға ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев, Еуразия Жа­зу­шылар одағының төр­­­ағасы Якуп Өмероғлу, Қазақ­стан мәдениет және сау­да орталығы төр­­аға­сының орын­басары, Дү­ниежүзі қа­­зақтары қауымдас­ты­ғы­ның Түркия­дағы өкілі Ер­жан Уәйіс, Түрік тілі мен әде­­биетінің профессоры, академик Орхан Сөй­лемез, Түркиядағы Қа­зақ­стан ел­шілігінің кеңес­шісі Мерей Мұ­қажан және сондағы қа­зақ диас­по­расы­ның өкіл­дері қатысты.

ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұл­тан Раев жазушы шығар­ма­шылығы туралы ой өрбітіп, кештің өтуі­не ұйытқы болған Қа­зақ­станның Түркиядағы ел­шілігі мен Еуразия Жа­зушылар одағына алғы­сын айтты. Еу­ра­зия Жазушылар ода­ғы­ның төрағасы Якуп Өмер­­оғлу қаламгер шығар­мала­ры қазақ хал­қының ұлттық құн­ды­­лық­тарын дәріптейтініне тоқталды. Әде­биет зерт­теушісі, ғалым Ор­хан Сөйлемез автор­дың түрік тіліне ауда­рыл­ған бұл еңбегі туралы пікір-пайымын жеткізді.

Автор өз сөзінде осыдан 30 жыл бұрын Алматыда ТҮРКСОЙ ұйымының құ­рылтай құжаттарына қол қою үрдісіне үлес қосқанын айтты.  Бүгінде ұйымның 30 жыл­ды­ғында Түркияда жарық көр­ген екінші кітабының тұ­саукесері өтіп жатыр. Түркі әлемінің айтулы тұл­ғалары әл Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи туралы жазған туындыларына тоқталған ол түбі бір туыс халықтардың ынтымағы арта беруіне тілектестік білдірді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<