Сурет: ашық дереккөзден
Түркияда болған алапат жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмысымен айналысқан қазақстандық құтқарушылар елге қайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылардың бірінші эшелоны Түркиядан Алматы қаласына 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 23.10-да келеді.
Еске сала кетейік, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке аттанған болатын.
Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке кешке кешқұрым жетті.
Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды және 7 адамды құтқарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<