Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың мәйіті табылды

861

0

Фото: Kazinform

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың мәйіті табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

«Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын», – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<