Түсіндірме жұмыстары күн тәртібінен түспейді

488

0

Аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков бастаған қоғамдық тәртіпті бақылауға құрылған рейдтік топ жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.

Рейд барысында Күнтілес Айдарбекұлы аудандағы құқық бұзушылық пен топтың төбелестің алдын алу жұмыстары күн тәртібінен түспейтінін еске салды.

Аталған құрам Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдары, орталық стадион, ойын-сауық орталықтарына аялдап қана қоймай, компьютер клубтар, бильярд және тойханаларды аралап, кәмелет жасына толмаған жастарға түсіндірме жұмыстарын жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<