Түсіндірме жұмыстары тоқтамайды

630

0

Қызылода облысының қоғамдың даму басқармасына қарасты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі тарапынан қаладағы кәсіп нысандарының сыртқы көрнекі ақпараттарымен жарнамалардың қолданыстағы тіл заңнамаларына сәйкестігі және сауаттылығына мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг топ құрамында «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалы жанынан құрылған «Таза тіл» еріктілер тобы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.

Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ләззат Есімова ҚР Тіл туралы Заңына енгізілген соңғы өзгерістермен таныстыру және тілдік заңнама нормаларының бұзылуына тап болған жағдайда әдептілікті сақтап, заң аясында жасалатын іс-әрекеттерді талқылау мақсатында еріктілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта шара барысында қызмет көрсету орындарындағы, көшелер бойындағы, сауда орталықтары мен басқа да жеке кәсіп нысандарындағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттардағы тіл нормаларының сақталуы, мемлекеттік тілдің қолданылуы зерделенеді. Анықталған кемшіліктер бойынша бизнес субьектілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<