Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

544

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Аудан әкімі Ж.Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аудандағы ірі сауда нысандарында сауда-саттық тәртібін сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында арнайы жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топтың құрамы төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінен құрылған.

Жұмысшы топ 27 қаңтар күні аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын ірі сауда нысандарын аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысан иелеріне сауда-саттық тәртібін сақтау, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, болуы ықтимал өрт қауіпсіздігінің алдын алу, заман талабына сай инженерлік-техникалық күзет жабдықтармен жарақтандыру, сауда орындарындағы санитарлық-гигиеналық тазалықтың қатаң сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, соңғы уақытта кәсіпкерлер арасында көп талқыланып жүрген мобильді аударымдарға байланысты ақпараттар берілді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<