Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

481

0

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында тұрғын үйлерде тұрмыстық газдан орын алуы мүмкін өрттің алдын алу мақсатында брифинг өтті. Брифингте аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары Шапағат Ермекбаев пен Қазалы аудандық газ шаруашылығы мекемесінің директоры Қуаныш Сансызбаев тұрмыстық газды пайдалану барысында орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жазатайым оқиғалардың басты себептері – мұржаның түтін тартпауы, желдету арналарының, терезелердің ашылмайтындай орналасуы, газ аспаптарын қараусыз қалдыру, тұрақты техникалық қызмет көрсетуді елемеу. Газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке деген мұндай немқұрайды көзқарас кейде қайғылы салдарға әкеледі. Ал, өзіңізді қалай қорғауға болады? Үй-жайда газдың иісі байқалған кезде жабдыққа дейінгі және жабдықтың өзіндегі крандарды дереу жабу, терезелер мен есіктерді ашу, желдету, от тұтатпау, электр аспаптарын қоспау және өшірмеу, 104 телефоны бойынша авариялық қызметті шақырту қажет. Газ пайдаланатын жабдыққа газ беруді автоматты түрде өшіруге арналған газ дабыл қаққыштарын орнату. Бұған қоса, үйішілік газ құбырлары мен газ аспаптарына уақытылы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу, – деді Қуаныш Қаражанұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<