«Тұманды қаладағы таңдау»

4

0

Ертеде жасыл төбелердің ортасында шағын ғана қала болыпты. Бұл қаланың үстін кейде көзге көрінбейтін, жүрекке салқындық сыйлайтын Тұман басады екен. Ол бірде жарқыраған бөтелке, бірде жалған күлкі, бірде тәтті уәде кейпіне еніп, адамдардың армандары мен үміттерін ұрлап кететін болыпты. Тұманға ергендер достарын ұмытып, өз жолынан адасып, өзіне деген сенімін жоғалта бастайды екен.

Бір күні Айбар есімді батыл, мейірімді бала қаланың өзгеріп бара жатқанын байқайды. Кеше бірге ойнаған достары бүгін оны танымайтындай, ал үлкендер үнсіз, көздері мұңды еді. Айбар дана Қарияға барып, көмек сұрайды. Қария оған: «Нағыз күш – таза ойда, адал еңбекте және әр күнгі дұрыс таңдауда», – деп ақыл береді.

Айбар достарын жинап, Тұманның алдамшы екенін түсіндіреді. Олар бірге спортпен айналысып, кітап оқып, бір-біріне қолдау көрсетеді. Жақсы істер көбейген сайын, қара перде жұқарып, қалаға жарық қайта оралады.

Содан бері қалада бір заң бар: денсаулық пен болашақты ұрлайтын нәрседен алыс болу. Ал ел жадында қалған нақыл сөз:

«Адамды құтқаратын жарық – сыртта емес, жүректе»!!!

Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы,
Аққыр ауылы,
188 орта мектеп
7сынып оқушысы
Нұрпейіс Дина Айбе
кқызы