«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің номинанттары анықталды

251

0

Фото: ашық дереккөз

«Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығының он екі номинациясы бойынша үміткерлер анықталды.

Биыл бәйгеге 12 номинация бойынша 300-ден аса өтінім түскен. 

Шорт-листке 48 жұмыс енді.

Алғаш рет «Төтенше жағдай кезінде жасалған үздік репортаж» номинациясында журналистер өз бағын сынады.

Жеңімпаздар есімі 28 маусым — бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесінде Астана қаласында белгілі болады.

Жеңімпаздар отандық телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 млн теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен негізі қаланған.  

Номинанттар: 

Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж:

«Алапат тасқын» — «Qazaqstan» телеарнасы
«Оңтүстіктен Ақтөбеге көмек» — «Айғақ» телеарнасы
Программа «Аналитика». «Общенациональный телемарафон» сюжеті- Бірінші канал Еуразия
ТАСҚЫН-2024: «өр суынан зардап шеккен Құлсарының бүгіні» — телеканал Caspian News

Үздік журналистік зерттеу:

«ОТАНДАСТАР» тарихи-танымдық тележобасы — «Qazaqstan» телеарнасы
«Шөлдің кемесі, төрт түліктің төресі» — «QYZYLORDA» телеарнасы
Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай? /Арнайы репортаж — «Atameken Business»телеарнасы
«Один спуск в шахту — 200 тыс. тенге» — «Хабар»телеарнасы

Үздік ақпараттық бағдарлама:

«Astana Times» жаңалықтар қызметі — «Астана тв»телеарнасы
«Ақпарат» көшпелі студиясы — «Qazaqstan»телеарнасы
«BASTY JANALYQTAR» — «Atameken Business»телеарнасы
Жаңалықтар телеканал — «ТДК-42» телеарнасы

Үздік аналитикалық бағдарлама:

«Қоғам назарында» — «Астана тв» телеарнасы
«САНА» — «ABAI TV» телеарнасы
«Уәде» — «Жібек жолы» телеарнасы
«Жеті күн» — «Хабар» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба:

«Құдайы қонақ» — «Qyzylorda» телеарнасы
«Асар» — «Turkistan» телеарнасы
«Ана болғым келеді» — «Жібек жолы» телеарнасы
«50/50» — 31 канал

Үздік деректі фильм:

«Жауынгер» — «Қазспорт» телеарнасы
«Арамызда Жүрсін» — «El arna» телеарнасы
«Шетелдегі қазақ балалары» — «Жібек жолы»телеарнасы
«Бір үйдің 55 баласы» — «Qazaqstan» телеарнасы

Үздік сериал:

«Жат бауыр» — «Qazaqstan» телеарнасы
«Қара жәшік» — «Хабар» телеарнасы
ХАҚ (Халыққа адал қызметкер) — «7 арна» телеарнасы
«Мошенники» — «НТК» телеарнасы

Үздік өңірлік ток-шоу:

«Көп нүкте» — «AQTOBE» телеарнасы
«Ділмар» — «Жетісу» телеарнасы
«Сөздің қысқасы…» — «Mangystay» телеарнасы
«Давайте обсудим» — «ТДК-42» телеарнасы

Үздік өңірлік телеарна:

«Qyzylorda» телеарнасы
«Caspian News» телеарнасы
«Жетісу» телеарнасы
«ТДК-42» телеарнасы

Балаларға арналған үздік бағдарлама:

«Телебалапан» — «Ulytau» телеарнасы
«АуылDone»  — «7 арна» телеарнасы
«Жұрттың балалары» — Qazaqstan телеарнасы
«IBars» — «Balapan» телеарнасы

Үздік тележурналист:

Григорий Беденко — «Хабар» телеарнасы
Еркін Карин — «Астана тв» телеарнасы
Нұрбек Бекбау — «Qazaqstan» телеарнасы
Ақбөпе Тәңірберген — Бірінші канал Еуразия

Үздік тележүргізуші:

Мадина Балғабаева — «КТК» телеарнасы
Каиржан Смағұлов — «24 KZ» телеарнасы
Айкерім Есенәлі — «Qazaqstan» телеарнасы
Мадина Алмолдина — «Atameken Business»телеарнасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<