Тұран ойпатының өркениеті

653

0

Фото:Облыстық мәдениет басқармасы

Бүгін С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, документальды бейне-фототүсіруші Шакимардан Мажитұлының «Тұран ойпатының өркениеті» атты фотосурет көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Шарада жырау, профессор Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Нұрмаханұлы, айтыскер, ақын, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Мәжитқызы және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Алиасқарұлы сөз сөйлеп, көрменің ашылуымен құттықтады.

Шакимардан Мажитұлы отыз жылдан астам уақыттан бері саналы ғұмырын Қызылорда облысының тыныс-тіршілігін үзбей фотосуретке түсіріп Сыр археологиясы мен мәдени-рухани өмірінің фото-шежіресін жасауда тынбай еңбек етті.

Көрмеге 70-тен астам фотосуреттер топтамасы қойылды.

Аталған көрме 25 наурызға дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<