Тұрақтандыру қорында 2 717,4 тонна өнім бар

569

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

«Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының тұрақтандыру қорында бүгінде құны 510,7 млн теңге болатын 2 717,4 тонна азық-түлік бар. Бұдан бөлек, келісімшартқа сәйкес әлі де жеткізушіде 1125,4 млн. теңге сомасын құрайтын 7094,5 тонна өнім қоры бар.

«Айналым схемасы» бойынша 8 кәсіпкерлік субъектілеріне келісімшарт негізінде 1 505 млн теңге займ берілді. Осы арқылы 19 түрлі әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік пен тұрақтандыру қорындағы өнім­дер Қызылорда қаласында орна­лас­қан 37 әлеуметтік дүкенде және қо­сымша 17 ірі супермаркеттегі әлеуметтік бұрыштарда нарықтан төмен бағада сатылуда.

Мұнан бө­лек өңірді әлеуметтік нанмен қам­тамасыз ету мақсатында қаламыздағы наубайхана иелерімен келісім жүргізіліп, тұрақтандыру қорынан бірінші сортты бидай ұнын 128 теңгеден сату жөнінде келісімшарт жасалынды. Нәтижесінде бір бөлке нанның сатылу бағасы әлеуметтік дүкендерде 65 теңгеден болса, ал ірі сауда үйлерінде 85 теңгеден.

Сонымен қатар, жуырда ғана «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы мен «РЗА-СҮТ» ЖШС арасында қарыз шарты жасалып, соның негізінде 2024 жылдың аяғына дейін қаламыздағы 35 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйіндегі әлеуметтік бұрыштарға белгіленген бағада 171 тонна пастерленген сүт (2,5%), 171 тонна айран (2,5%), 17 тонна сары май, 17 тонна сүзбені жеткізуде.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы тауарларды сақтауға арналған жалпы сиымдылығы 5 250 тонналық 2 қойма бар. Ондағы өнімдер күнделікті әлеуметтік дүкендер мен сауда үйлеріне сұранысқа сәйкес таратылады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<