Тұрақты кеңес отырысы өтті

312

0

Аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен өткен тұрақты кеңестің отырсындағы күн тәртібінде аудан аумағындағы мекеме ғимараттарының абаттандырылуы туралы мәселе қаралды.

Мәжіліс отырысында Самат Қыдырбекұлы: «Өздеріңіз білетіндей аудан аумағындағы нысандардың архитектуралық біркелкілігін сақтау мақсатында «Бірыңғай дизайн коды» бекітілген болатын. Осы орайда аудан аумағындағы барлық мекеме, кәсіпорындардың сыртқы қоршауларын, спорт және ойын алаңдары, қоршаулар, аялдамалардың архитектуралық біркелкілігін сақтау мақсатында «Бірыңғай дизайн коды» бойынша сырлау жұмыстарын, ағымдағы жылдың 25 қазанға дейін аяқтауды тапсырамын»-деді.

Сонымен қатар, тапсырманың орындалу нәтижесімен, аудандағы осы бағытта атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізіліп, арнайы ақпараттық слайд әзірленетіндігін айтып өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<