Тұрақты кеңес отырысы өтті

433

0

Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданы әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен тұрақты кеңес отырысы өтті.Мәжілістегі бірінші мәселе аудан бюджетінің игерілу барысы туралы қаралды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ниматулла Жанар Абайқызы аудан бюджетінің игерілуі туралы хабарлама жасады.

Аталмыш мәселе бойынша аудан басшысының тапсырмасына сәйкес қаржының игерілмеу қаупі бар салалардағы бюджеттің жайын Еркусаев Жұлдызхан Байназарұлы мен Смағұлов Самат Қыдырбекұлы жіті бақылауда ұстайтын болды.

Тұрақты кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе Жосалы кентінде өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде бағаның белгіленген тарифтен аспауын, нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен болуын қамтамасыз ету, қоғамдық ахуал, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауды сала бойынша орынбасарына тапсырды.

Мәжілістегі үшінші мәселе «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойыша хабарлама жасаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлын хабарламасы бойынша оқу-жаттығудың іс-шараларын өткізу жөніндегі әдістемелік жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуді қамтамасыз етуді ұсынды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<