Тұрақты кеңес отырысы өтті

451

0

Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен өткен тұрақты кеңестің отырысында күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудан спортының қазіргі жағдайын мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы баяндады.

Аудан басшысы талай жылдар аудан мерейін асқақтатқан спорт саласының күтілген нәтижелерді ақтамауының басты себептері бойынша нақты тапсырма беріп, бақылауды күшейтуді сала бойынша орынбасарына жүктеді.

Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе ветеринария саласының жайын тындаған Жандос Еркінбекұлы ветеринария бөліміне жай сандармен сырғытып шықпай, нақты ақпарат беруді, жұмысты жүйелендіруді тапсырды.

Бұған дейін Ақтөбе ауылы тұрғындарының уақ малдарынан сарып ауруы анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілген болатын.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<