Тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды

471

0

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 маусым күні Бәйтерек ауданы Мирный ауылында болды.

Сағат 11.17-де Коновалов көшесі 16-мекенжайында тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Өрт аумағы 60 шаршы метрді қамтыды.

Зардап шеккендер жоқ.

«Тілсіз жау» 13.00-де толықтай ауыздықталды.

Осымен өңірде биыл 117 тұрғын үйде өрт болды.

Үй иесінің туысқандарының сөзіне қарағанда, өрт салдарынан бір отбасы баспанасыз қалды. Қазіргі кезде Инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы хабарлама жарияланып, зардап шеккен отбасыға қаржы жиналып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да орман отқа оранғанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<