Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде атауын өзгертті

732

1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өзінің ресми атауын «Отбасы банк» деп өзгертті, – деп хабарлайды «Хабар-24» телеарнасы.

2020 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

Бүгіннен бастап банктің толық атауы мынадай:

мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы; 

орыс тілінде: Акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»;

ағылшын тілінде: Joint stock company «Otbasy bank» house construction savings bank».

Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі.

Бүгіннен бастап «Отбасы банк» деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ, қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейді. 

Қазір банктің депозиттік портфелі 976 миллиард теңгеге тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 триллион теңгеге дейін жетеді деп жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<