Құмжиек ауылдық округінің орталығы – Қ.Пірімов ауылында тұрғын үйден шыққан өрт уақытылы сөндірілді.
Өрт Ізтілеуов көшесіндегі №15 үйде 17:15 шамасында орын алған. Қазалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің күшімен 18:16 шамасында толығымен өшірілді. Адам шығыны жоқ. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Бүгін оқиға орнына аудан басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары Күнтілес Назымбеков пен Дәурен Тілеумбетов арнайы барып, тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға қолдау көрсетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<