Тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау бағдарламасына өтініштер қабылданады

785

0

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады. Бұл жобаға қатысушы отбасы мүшелерінің 6 айдағы орташа табысы – 36 018 теңгеден аспауы тиіс.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев хабарлады.

-Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға 4 санаттағы азаматтар өтініш бере алады. Атап айтқанда, І және ІІ-топтағы мүгедек адамдар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады. Биыл азаматтарымызды қолдауға 50 млрд.теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жаңа бағдарлама шамамен 70 мың адамды қамтиды. Олар жалдау ақысының 50 пайызын алады. Сондай-ақ, субсидия алуға үміткерлердің депозитінің болуы міндетті және отбасы банкінің тұтынушысы болуы тиіс, – деді Әділжан Сәулебаев.

Айта кетейік, отбасы банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясының мерзімі аяқталғанша ай сайын аударым жасайды. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға рұқсат етілген.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<