Тұрғындарды МӘМС жүйесіне сақтандыру аса маңызды

508

0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен “МӘМС жүйесіне тұрғындарды сақтандыру және өзектендіру мәселелері” бойынша жедел штаб отырысы өтті. Жиынға Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков және басқа да жауапты сала өкілдері қатысты.

Жиында облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды МӘМС жүйесіне сақтандыру аясында қолға алынған шараларды күшейту керектігін айтып, жауапты сала өкілдеріне тиісті тапсырма жүктеді.

-Өздеріңіз білетіндей, бүгінде тұрғындарды МӘМС жүйесіне сақтандыру шараларын тиісті деңгейде жүргізу өзекті мәселелердің бірі. Жалпы облыс бойынша тұрғындардың аталмыш жүйеге енгізілу деңгейі айтарлықтай төмен. Осыған байланысты жауапты сала өкілдері күнделікті мониторинг жұмыстарымен қатар белсенді шараларды үзбей жүргізуі керек. Әсіресе салаға жауапты барлық қызметкерлер сақтандыру мәселесіне бей-жай қарамай, тиянақты әрі шұғыл шараларды қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, сақтандыру жүйесін халыққа кеңінен насихаттауымыз керек. Үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізілуін қадағалаңыздар. Аталмыш мәселені өзім күнделікті бақылауда ұстайтын боламын, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы.

Одан әрі жауапты сала өкілдері МӘМС жүйесі бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтті. Облыс әкімінің орынбасары облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына МӘМС жүйесін жүйелі жүргізе алмаған мемлекеттік емхана басшыларының жауапкершілігін қарауды тапсырып, қатаң түрде ескерту жасады.

Сондай-ақ, жиында қызылша ауруының алдын алу және оған қарсы жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы да айтылды. Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды, оның ішінде 1-4 жас аралығындағы балаларды уақытында вакцинациялау керектігін айтып, ауруға қарсы төтеп беретін бірден-бір жол – екпе алу екендігін тілге тиек етті.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<