Тұрғындарды қабылдады

941

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған 9 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейкесті мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыспен қамту мәселесіне қатысты сауалдар көтерді.

Облыс әкімі сала басшыларына әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қарап, ұтымды жақтарын ұсыну қажет екенін жеткізді. Ал, тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетіні баса айтылып, уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілетіні жеткізілді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына e-gov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<