Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Тұрғындар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, жұмыссыздық және әлеуметтік көмек бар. Аудан басшысы қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайтынын, жіті зерттеліп, заң талаптарын негізінде шешімін табатынын айтты.
Қабылдауға келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Көтерген мәселесінің шешілу жолдарын білді.






