Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына нақты жауап берді.
Келушілердің басым көпшілігі тұрғын үй кезегіне байланысты сауалдарын ортаға салды. Одан бөлек, жұмысқа орналасу мен жеке мәселелерін жеткізгендер де болды.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған Мұхтар Әуесұлы азаматтардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізіп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<