Тұрғындарды жеке қабылдады

483

0

Бүгін облыс әкімі Нһұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Арал ауданының тұрғындарын жеке қабылдады.

Аудандық Оқушылар үйінде өткен жеке қабылдауға облыстық сот төрағасынан бастап барлық құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Ашықтық қағидасына негізделген қабылдауда жалпы саны 70-тен астам азаматтың өтініші қаралды. Облыс әкімі екі сағатқа жуық уақытта барлық азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті азаматтар тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, жеке бизнес бастау және кәсібін кеңейту, аяқ су, қоғамдық көлік мәселелерін көтерді.
Аймақ басшысы барлық сауал сала мамандарымен бірге мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді.

«Өзім көп балалы анамын. 4 жасар қызым туғалы бері ДЦП ауруымен ауырады. Қызымның денсаулығына қатысты мәселемен аймақ басшысының қабылдауына жазылдым. Бүгінде ауданымызда арнаулы орталық болмаған соң, Қызылорда қаласына қайта-қайта қатынау бізге қиындық тудырып отыр. Сол себепті екі ауданға ортақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын Арал қаласынан салып беру туралы өтнішімді жеткіздім. Міне, бүгінгі кездесуде облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы орталықты келесі жылы ашуды қолға алатынын айтып қуантты. Түйткілді мәселемнің шешілуіне қолдау көрсеткен аймақ басшысына шынайы алғысымды білдіремін»,- дейді қабылдауға келген аудан тұрғыны Гүлмира Бәйменова.

Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасарлары мен құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары әр ауданда бір күн бойы жеке қабылдаулар өткізді. Тұрғындардың мәселелері қаралып, реттілігіне қарай шешімін тапты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<