Бүгін басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы кезектілік тәртібіне сәйкес аймақ тұрғындарын қабылдады. Тұрғындар қаузаған негізгі мәселелердің қатарында жұмысқа орналасу, кәсіп ашу, құқығын қорғау және кәсіп ашу бар.
Асқарбек Темірбекұлы қабылдауға келген әрбір тұрғынның ұсыныс, өтініштері назарында болатындығын, сала мамандары тұрғындардың мәселелерін жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастыратындығын жеткіздң.Атап айтар болсақ, абайтанушы Тохташ Жолдасқызының мерейтойына байланысты республикалық абайтанушылардың қатысумен конференция өткізуді ұйымдастыру туралы өтініші қанағаттандырылып, алдағы уақытта жоғары деңгейдегі шара өткізілетін болды.
Тұрғындар басқарма басшысының қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе басқармаға келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<