Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Жөлек ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар кент орталығындағы күре жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу сынды ауқымды жұмыстарды күнделікті көріп жүргендерін, сапасының өте жоғарғы деңгейде жасалып жатқандығына қуанышты екендіктерін айтты.
Аудан әкімі де алдағы жоспарларымен бөлісіп, ауыл тұрғындарының назарына ұсынды. Мәселен, жыл басында аудан бюджеті 10 млрд. теңге шамасында бекітіліп, бүгінде 16 млрд. теңгеге жуықтағанын, оның ішінде 6 бірдей елді мекенге газ жүйесін тарту, кенттегі күре жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық жерлерге дәрігерлік амбулатория ғимараттарын салу сынды ауқымды жобалар бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<