Тұрғындарға жұмыспен қамту мүмкіндігі туралы SMS хабарламалар жолдануда

576

0

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған Отбасының цифрлық картасында мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылмаған нысаналы топтардың тізімі нақтыланды. Тізімге сәйкес барлық топтағы азаматтар бойынша тиісті органдар нақтылау жұмыстар атқаруда.

Сонымен қатар, отбасының сандық картасы шеңберінде нысаналы контингентті жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз ету мақсатында а.ж. 10 ақпанынан бастап SMS хабарламалар жолдануда.

Бұл ретте, SMS хабарлама алған азаматтар халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары да телефон арқылы хабарласып еңбекке жарамды азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, жаңа жұмыс орындары, бос жұмыс орындарына орналасу жөнінде түсіндіреді.

Ал, еңбекке жарамсыз, мүгедектігі бар азаматтар, денсаулығына тағы да басқада жағдаймен жұмысқа бара алмайтын азаматтарды нақтылап ақпараттық жүйеде белгілейтін болады. Осылайша барлық азаматтардың санаты Отбасының цифрлық картасы аясында нақталатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<