Тұрғындармен есепті кездесу өткізуде

380

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Жаңадария, Аламесек, Еңбек және Аққұм ауылдық округтерінің халқымен кездесіп, бірінші жарты жылдықта ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен алдағы жобалар туралы баяндады.

Кездесу барысында елді мекендерде тұрғындардың талап тілегі тыңдалып, сала бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Үстіміздегі жылы Жаңадария ауылының 3 көшесін күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар әзіленді. Адал еңбек пен егін егуді жанына серік еткен ауыл халқының бастамасы көпке үлгі. Тұрғындар тарапынан уақытылы егістікті суару үшін қажетті су мөлшерін жеткізу мәселесіне сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов тұрақты бақылауға алатынын айтты.

2024 жылы Есет батыр ауылының тұрғындарына жоба құны 431,0 млн. теңгені құрайтын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Есет батыр ауылының 5 көшесін күрделі жөндеу өткізіліп, тұрғын үйлер секторының электр желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Еңбек ауылдық округінің тұрғындарының ұсынысына сәйкес Т.Дәуітбаев, Абай және М.Байділдаев көшелерін орташа жөндеуден өткізу мақсатында қаржыландыруға ұсынылды.

Аққұм елді мекенінде су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісінің құрылысы жобасын қоса қаржыландыру аяқталып, бүгінде нысан пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ардақ Ибраимов Аққұм елді мекенінің 10 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын және уақытылы, жоғары сапада ел игілігіне табысталатынын жеткізді.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Ардақ Ибраимов ауданда атқарылып жатқан ауқымды бастамалар мен жүйелі жұмыстар Мемлекет басшысының қолдауымен, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқанын айтты.Бүгінгі есепті кездесулер Бұқарбай батыр, Таң және Ақсу ауылдарында жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<