Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілікке сәйкес Қазалы қаласына арнайы барып, тұрғындармен кездесіп қайтты.
Жиында Мұхтар Әуесұлы алдымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді де баяндап өтті. Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Қ.Ерімбет атындағы саябақта өткен басқосуда қала тұрғындары да өздерінің талап-тілектерін ортаға салды. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі ауқымды істерге ризашылықтарын білдіріп, алдағысына сәттілік тіледі.
Әрбір қойылған сауалдың орынды екенін айтқан аудан басшысы мәселелерге жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп берді. Жиында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов та сөз алып, көпшілікті ауызбіршілікке шақырды. Оған қоса келер жылғы Жаңқожа бабаның 250 жылдық мерейтойын бірлесе өткеру қажет екенін айтты. Айта кетейік, аудан әкімінің кезекті халықпен кездесуіне аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов және бірқатар дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<