Туристік агенттікті алғаш кім ашты?

361

0

Туристік агенттікті алғаш кім ашты? Жаз айларымен бірге демалыс уақыты да жақындайды. Бір жыл бойына тынымсыз тер төккендер, еңбек демалысын асыға күтетіні анық. Дегенмен, жағажайда демалу мен туристік агенттіктердің негізін қалаған кім екенін ойлап көрдіңіз бе?
 1. Уильям Кларк — жағажайда демалған алғашқы адам Уильям Кларк қарапайым ағылшын дін қызметкері болатын. 1736 жылдың жазында жарымен бірге кішкентай ағылшын ауылы Брайтельмстонға демалысқа барады. Ал, ауыл болса Англияның оңтүстігіндегі Ла-Манш бұғазында орналасқан болатын. Оның демалысқа таңдаған орны сол уақыттар үшін тым оғаш көрінетін: тұзды су, құм және күнге қыздырыну. Ал, ол кездері бай адамдар шипажайларда демалып, минералға бай суларға шомылатын. Кларк бол жергілікті тұрғындардан бөлмені жалға алып, таңертеңгісін суға түсіп, күнге күйеді. Демалысы жайында өзінің достарына хат арқылы баяндайды. Осыйлаша, Кларк теңіз жағалауына арнайы барып демалған алғашқы адам ретінде қалады.
 2. Томас Кук — туристік агенттіктердің атасы 1841 ағаш ұстасы, ағылшын Томас Кук әлемдегі алғашқы туристік агенттік құрады. Оның атауы — Thomas Cook. Бастапқыда ол Temperance Society мүшелеріне Лестер қаласынан Лафбаро қалаларына жиынға теміржол арқылы баруды жоспарлайды және оларға ұсынады.  Кейін Томас пойыз арқылы экскурсия жүргізеді. 1844 жылы “Мидленд аймағының темір жолы” компаниясымен тұрақты тур жөнінде келісімге келеді. Тәжірибенің аздығынан 1846 жылы  350 адамды Лестерден Шотландияға экскурсияға жіберемін деп дағдарысқа ұшырайды. Дегенмен, мойымаған ол қайта аяғынан тұрады. Ол Швейцарияға, Италияға, Египетке адамдарды саяхатқа жібереді. Ал, 1865 жылы мұхит асырып, АҚШ–қа саяхатшылар тобын жібереді. Кук негізін қалаған туристік агенттік әлі күнге дейін бар. Бүгінде Thomas Cook Group деп аталады.
Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<