Тұрмағамбеттегі толымды тіршілік

503

0

Аудан әкімінің келесі сапары саланың ыстық-суығына үйреніп, ұланғайыр атырапқа ақ күрішті теңіздей толқытқан «Тұрмағамбет» ЖШС-де жалғасты.

Күн қыза 2157 гектар алқапқа Сыр салысын орналастырған диқандар күзгі егін жинау жұмыстары бойынша бүгінгі күні 50%-бен 1010 гектарды орып, 34,5%-бен 690 га өнім бастырылған. Орта өннім алу бойынша әр гектарынан 50,0 центнерден асып отыр.

Жаңарған техникалармен күзгі егін жинау жұмыстарына кіріскен серіктестік 2 Макдон, 1 ЖРК барлығы 3 жатка, 5 КЛАСС, 1 ТОРУМ барлығы 6 комбайн, 6 трактор, 12 трактор тіркемесі мен 4 автомашинаны жұмылдырған.

Аудан әкімі көзін ашқалы ақ маржанды арқау етіп, сол арқылы бүтіндей бір ауылдың тіршілігіне қан жүгірткен ауыл инвесторының толымды тіршілігіне өз ризашылығын білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тұрмағамбеттегі толымды тіршілік
Тұрмағамбеттегі толымды тіршілік