Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратқан кәсіпкер

322

0

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, кәдеге жарату – бүгінгі күні өзекті болып тұрған мәселе. Бұл әлемдік деңгейде деп айтуға болады. Мысалы, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25%-ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30%-ды құрайды, Германияда 35%. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5 %-ы ғана кәдеге жаратылып, қалған 97,5 %-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады. Осы бір оқылықты жоюға барынша ат салысып жүрген біздің жергілікті «Шыңғыс LTD» ЖШС.

«Шынғыс LTD» ЖШС 2016 жылдың қаңтар айынан бастап өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда мекемде 50-ден астам адам тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Атап айтқанда мекемеде жекеменшік өндірістік базасы бар, жұмысшыларға арналған асхана, жатақхана ісі сапалы деңгейде қызмет атқарады.

Бетон өндіру және тасымалдау өнідірісі Қызылорда қаласының құрылыс саласына үлесін қосып жүр. 2020 жылдан бастап, «Батыс-Европа – Батыс-Қытай жолында, «ORDA school» мектебіне, «Болашақ» университетіне және «Қызылорда орталық мешіті», «Нұр мешіті», т.б мекемелерге және жеке шаруашыулықтарға жұмыс жасап келеді.

Екінші өндіріс – Қызылорда қаласының оттегі шығаратын кіші зауыты, одан бөлек Қазалы қаласында 2017 жылдан бастап оттегі шығаратын цехы бар. Ақтөбе облысындағы Шалхар қаласына, Аралдан бастап, Жаңақорғанға дейін бүкіл Қызылорда облысында ауруханаларға және басқа жекеменшік құрылыс мекемелерді оттегімен қамтамасыз етеді.

Серіктестік жүзеге асыратын тағы бір жоба – құрылыс материалдарын өндіру желілерін салу шлакоблок, брусчатка, бордюры. Бұл жобаның құны 50 млн теңгені құрайды. Өндірістің қуаттылығы жылына 2400 дана. Айта кетерлігі, «Шыңғыс LTD» компаниясы еліміздегі цемент өндірісі саласындағы жетекші компаниялардың бірі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<