«Тұрмысымыздың төмендегінен ұялатынмын»: Дина Төлепберген бұрынғы тұрған үйін көрсетті

191

0

Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген 20 жыл бұрын тұрған үйін көрсетіп, жылы естелігін бөлісті. БАҚ өкілі сол кезде тұрмысының төмен болғанына ұялғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген араға 20 жыл салып, өзі туып-өскен жерге барды. Тележүргізуші Instagram-дағы парақшасында арнайы видео жариялап, көпшілікке балалық шағы өткен үйді көрсетті.

«20 жылдан соң оралу. Шымкент, 1 бөлмелі суық пәтер. Кішкентай кезімде достарыма пәтерімді, үйімді көрсетуге қынжылатынмын. Себебі тұрмыстың төмендігін көріп, араласатындар алшақтайды деген қорқыныш болған еді. Мектеп кезімде осы үйіме жақын құрбым келді. Ол не айтады, үй-жағдайымды көріп қашқақтай ма, деген ой болды. Бірақ, жоқ. Келесі күні оның маған қарым-қатынасы баяғы қалыпты күйде қалды. Мен сол кезде нағыз құрбы, нағыз жанымды түсінетін дос екенін ұғындым. Әзір де екеуміз сыр сақтамас құрбымыз. Сізге де құлаққағыс қалтаңызға, киіміңізге, үйіңізге қарап араласатын адамдар болса алшақтаңыз. Нағыз дос, нағыз жанашыр жоқшылыққа да, тоқшылыққа да қарамайды. Мінекей, араға 20 жыл салып, бұрын тұрған ыстық пәтерге келдім. Ешкім жоқ. Есесіне көріспеген көршілеріммен қауыштым», – деп жазды ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<