Тұтынушылардың өтініші қанағаттандырылды

461

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тұтынушылардың құқығының қорғалуы – басты мәселелердің бірі. Осыған сәйкес, былтыр тұтынушылардан жалпы саны 368 өтініш келіп түскен. Салалар бойынша жүргізілген талдау барысында аталмыш өтініштердің басым бөлігі бөлшек сауда саласына қатысты екені анықталды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Жайбергенұлы мәлімдеді.

-Аталған өтініштерді заңға сәйкес қарау қорытындысы бойынша 264 өтініш қанағаттандырылса, 26 өтініш түсіндіріліп, 75 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Осы жұмыстардың нәтижесінде, тұтынушыларға жалпы құны 8,1 млн теңге қаржы қайтарылып берілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына арнайы мониторинг жұмыстары жүргізіліп, шекті бағасынан асырып сатқан деректер анықталды. Заңбұзушылыққа жол берген кәсіпкерлік субьектілеріне заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Айта кетейін, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес, кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өз бағасына 15 пайыздан аспайтын баға белгілеуі қажет. Сонымен қатар, бүгінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» жобасының тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл жобаның басты мақсаты – ішкі нарықта сапасыз өнімдердің санын азайту болып табылады, – деді Ерқасым Жайбергенұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<