Қызылорда облыстық денсаулық сақтау мен Қызылорда қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қалалық әкімдіктің баспасөз залында туберкулезге қарсы күрес бойынша фтизиатр маман Алтекешова Айгүл баяндама жасады.
Туберкулез – ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру және ол кез келген адамға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте дереу дәрігерге жүгіну аса маңызды. Уақтылы анықталып, толық ем қабылданса, туберкулез толық жазылады.
2026 жылғы 24 ақпандағы №73 бірлескен бұйрыққа сәйкес, туберкулездің алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Медициналық ұйымдар мен оқу орындарында семинарлар мен акциялар өтіп, тұрғындардың ақпараттық сауаттылығы артуда.
Соңғы жылдары өңірде аурушаңдық төмендеген. 2024 жылы 631 жағдай тіркелсе, 2025 жылы 556 жағдайға дейін азайған. Қайталанған жағдайлар мен өлім көрсеткіші де төмендеу үстінде.
Балалар Манту және Диаскинтест сынамаларымен тексеріліп, жаңа туған нәрестелердің 98,1%-ы БЦЖ вакцинасын алған.
Маманның айтуынша, туберкулездің алдын алу үшін тұрақты тексеріліп, жалған ақпаратқа сенбеу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажет





