Туған жердің сөнбес жарығы

518

0

«Ұлтарақтай болса да ата-қоныс жер қымбат» демекші әр адамға кішкене де болсын өзінің туған жерінен аса қымбат нәрсе жоқ. Себебі, мақтанышымыз да, намысқа тырысып атын жақсыға шығарғымыз келетін де осы туған жердің аты мен заты.

Жаз бойы әкемнің туған жерінде болатынымыз рас. Жол қысқарсын, тез жетейік деп әкем көлік жалдап көлікпен апарды. Жол бойы көрген көрінісім кең байтақ жер, ен дала,  күнге қызарған ыстық топырақ. Топырақтың орнында кезінде таусылмастай аққан теңіз Арал болатын деді көлік жүргізушісі. Туған жерге келген соң атамнан осы өлкенің тарихын сұрадым.

Арал теңізі сонау алпауыт елдер біздің Қазақстан мен Өзбекстанның ортасын жалғап тұрған ірі көл деді атам. Кезінде деп жалғады ол сөзін. Бала болып шомылған, жас болып балық аулап өскен жеріміз деді ол. Табиғаты да ерекше. Үлкен қайықтар ағыл-тегіл бірде адам әкелсе, бірде зат тиеп, бірде балықшыларға толы болатын. Жастар кешкі тұрым теңіздің бойына барып шомылып, қызыққа толы ойын-сауықтар ойнап, түн ауа теңіздің жағасында аспандағы жарқыраған жұлдыздарға қарап тілек тілеуші едік деді. Атамнан не тілек деп сұрағанда, теңіздің табанынан су кетпей көркей берсе туған жер деген арман болатын деді.

Қазіргі көрініс мүлде бөлектеу. Атам айтқан таусылмас теңіз қазір жоқ. Бірақ сөзіне дәлел алпауыт кемелердің қазір темір мүсіні бар екен. Балалар теңіздің жағасында ойнамаса да, теңізден қалды ма екен, сор болып қалған кішігірім лашық суларда қағаз кемелерін алып ойнап жүр. Қызық, бүгінгі күн, кешегі тарих мүлдем бөлек. Алайда атам әлі де жұлдызға қарап тілегін тілеуде. Өзгермейтін тек осы секілді. Туған жердің сөнбес жұлдызы аспанда тұрғанда, жер ананың құрсағында қалған теңіз қайта ораларына үмітіміз өшпейді деді атам.

Іңкәр Аманжанқызы,

Қалалық білім бөлімінің «Қосымша білім беру

оқу-әдістемелік» орталығының

туристік-қолданбалы бөлімінің

«Өлкетану» үйірме мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<