Турнир жеңімпаздарын құттықтады

1043

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің жеңімпаздарын марапаттады. 29 сәуір – 1 мамыр аралығында ұйымдастырылған турнир Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өткізілді.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан спортының жарық жұлдызы, Сыр елінің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир мәресіне жетті. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ел спорты қарқынды дамып, спортшыларымыз әлемдік додаларда жоғары жетістіктерге жетіп,  Көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатып келеді. Соның ішінде Элизабетті әлемдік спорт тарихында төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан спортының тарихында осы спорт түрінен  қыздар арасында Әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы спортшы ретінде бәріміз мақтаныш етеміз.  Бүгінгі дәстүрлі шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттырып,  спортқа ынталандыра берері сөзсіз. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағын­дырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! – деді облыс әкімі.

Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир биыл бесінші мәрте өткізіліп отыр. Аталған жарыста еліміздің он облысынан 5-18 жас аралығындағы спортшылардан жасақталған 10 команда, 250-ден аса мәнерлеп сырғанаушы  қысқа және еркін бағдарламалар бойынша бақ сынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<