Алматы хайуанаттар бағы Паша мен Лола атты шимпанзелердің сурет салып отырған видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ зообақтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Біздің шимпанзелеріміз сурет сала алады. Паша бояулармен түрлі суреттер салатын болса, Лола нәзікжанды болғандықтан алдымен тырнақтарын бояп, содан кейін сурет салады», – деп жазылған видео сипаттамада. Зообақ мамандар маймылдар қолға тез үйреніп, шығармашылыққа де тез бейімделетінін атап өтті. «Зообақ суретшілері: Паша мен Лола. Маймылдар – ерекше жаратылған ақылды жануарлар. Олардың сурет салуға деген талпынысы өте қызықты көрініс», – деді зообақ мамандары. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2060333-tyrnagyn-boyaidy-almaty-zoobagyndagy-simpanzeler-suret-sala-alady-video/
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<